Текст песни
Бармақтай бақ па деп ем маған берген,
Тағдыр сый аямапты ау табанды ерден.
Жүректің аққан жасы жаңбыр болып,
Жаңбырдан жаурап жатыр жалаң кеудем!
Білмеймін бірақ, дертімді кім ұғынды?!
Тұмшалады өмір, мөп-мөлдір тұнығымды.
Қоспаған оған, түсінбей қалдым тағдырды!
Ол мені жалғыз...
Ол мені жалғыз...
Ол мені жалғыз қалдырды!
Ол мені жалғыз...
Ол мені жалғыз...
Ол мені жалғыз қалдырды!
Жарқ еткен өмірдегі жарығым-ай,
Жабырқау жанның неге хәлі бұлай?!
Ол өткен мұң көпірден мен де өтермін,
Жалғыздың қай-кезде де жары Құдай!