Текст песни
О, мама!
Бұл түндердің артында бар ма екен таңдар?
Шамдар?
Оу, мама!
Өзгермейді екен бұл адамдар!
Қу жандар!
Қаншама жолдарда адастық,
Қаншама жақсылармен қоштастық.
Оу, мама, орала ма олар?
Көзімдегі мұңды кім көреді?
Төгем оны жалғыз қалғанда,
Төбемдегі жұлдыз жанғанда, мама.
Шынайы бақыт іздедім,
Мына сорлы жалғанда,
Сен қалдырған жағада.